«Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 566-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 347-НҚ бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 13 қарашадағы № 304-НҚ бұйрығымен 2026 ж. 1 желтоқсаннан бастап күші жойылады
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 566-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24864 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі | А. Шаккалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 347-НҚ бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер
тізбесі
| № | Объектісі мен қолданылу саласы көрсетілген өлшемдер атауы | Метрологиялық талаптар | Ескертпе | |
| Өлшеу диапазоны | Шекті жол берілетін қателік немесе дәлдік сыныбы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| Өлшем бірлігін қамтамасыз ету және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында | ||||